тәуелсіздіктен кейін өмірге келдім. әйтсе де менің келешегіме үлкен жол ашқан тәуелсіздіктің жөні бөлек. біздің ата- «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деген екен. осы тәуелсіздікке дейін қазақ жерінде еркіндікті аңсаған 300-ге таяу ұлт-азаттық көтерілістері болыпты.
мен тарихи кітаптарды көп оқимын. сол кезде байқағаным, тәуелсіздікке жету оңай болмаған екен. жүздеген алаш ұлдары бастарын бәйгеге тігіпті. ондағы мақсаты, қазақ халқының қолын тәуелсіздікке жеткізіп, ұрпағын бодандықтан құтқару болыпты.
біз жақында отанымыздың барлық өңірінен 150-ден астам оқушы астанада басқосып, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «қазақстанның жарқын болашағы – жастардың көзімен» деген тақырыпта шығарма жаздық. сонда тәуелсіздік туралы өз ойларымызды айттық. осы шараға ұйытқы болған «дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы еді.
арман қуып, елдің ертеңіміз деп жүрген замандастарым жазған шығармалармен танысып, ой-пікірлерін тыңдағанда отанға деген патриоттықты айқын сезіндім. тәуелсіздіктің алдындағы тыныс-тіршілігімізді, одан кейінгі 20 жыл ішіндегі өркендеуімізді ортаға салдық. бұрын біздің алдымыздағы ұрпақ әрі кетсе мәскеу қаласына барған екен. ал қазір білімді жастар төрткүл дүниені шарлап жүр. бізбен кездесу кезінде «болашақ» бағдарламасының түлектері ел қамқорлығының арқасында әлемнің атақты білім ордаларында оқығанын айтты. білімді жасқа қашанда жол ашық екенін жеткізді. біз білім сайысында астананы да аралап көрдік. арқадан кербез алматыға, алтайдан каспийге дейінгі аралықта өмір сүріп жатқан қазақ елінің ұл-қыздары елорданың ғажайыптарымен танысып, «бәйтеректің» басына көтеріліп, әсем қалаға қызыға қарадық. мектеп бітіргеннен кейін осы қалада оқысақ деген арман әр оқушының көкейінде сайрап тұрды. мұның бәрін біз тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз.
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.