Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O
Аңызақ жел – желдің отын құрғататын оңтүстік-шығыстан соғатын жел;
Ескек жел – топырақты кептіріп жіберетін, көктемнің басында соғатын жылы жел;
Қара жел – күзде соғатын суық жел;
Алтын күрек жел – қыстың аяғында қарды әкететін жел;
Жапырақ жел – күзгі ағаштың жапырақтарын үйіріп әкететін жел;
Қума жел – бірде басылып, бірде үйіріп соғатын жел;
Өкпек жел – жазғытұрымда солтүстік-шығыстан соғатын жайсыз жел;
Әуір жел – шілдеде соғатын ыстық жел;
Үскірік жел – суық жел;
Қазанның қара желі – күздегі қара суық жел;
Терімсал – шілдеде соғатын ыстық жел;
Мал-жанға жайлы жер: қоңыр жел, самал жел, мырза жел, жайдақ жел, майда жел;
Мал-жанға жайсыз жел: ызғырық жел, үскірік жел, өкпек жел, сары жел;