Ахмет Байтұрсынов.Адамдық диханшысы.
1.Адамдық диханшысының мақсаты-өз елінде құл болып құлдықта еңіреген еліне адамдық қасиеттерді егіп,құл болып бәрін ұмытқан елден адами тұрғыдағы қадір қасиеті бар, білімді ұрпақты,адамды тәрбиелеп шығару
2.Адамның диханшысы қырға шықтым,
Көлі жоқ,көгалы жоқ,құрға шықтым,-деп бұрын құлдықта болмаған елдің көрген азабын,құлдықта жүріп адами тұрғыда өліп қалғанын, адамшылық қасиеттерінен құр қалғанын,жоғалғанын айтпақ болады.
3.Адамдықтың тұқымы дегеніміз-адамдық қасиеттерге адамды қайта тәрбиелеу.Құлдық кезінде халықтың ауыр тұрмысынан,көрген азаптарынан жоғалған,қор болған қоғамға адамдық тәрбиені қайта үйрету,білімге жетелеу.
4.Тұқымын адамдықтың шаштым,ектім,
Көңілін көтеруге құр халықтың- деген жолдары айбарлы ел болған халықтың өзі ұмытқан жадын қалпына келтіріп,өткенін қайтару.Ол үшін көп еңбектену керек,құмды жерге отырғызған ағашқа су,жылу керек болса,қор болған қоғамғада адами ағашын тірілту үшін адамдықтың тұқымын шашу керек.Сол үшінде ақын халықтың көзін ашуға талпынған,орысша-қазақша мектептер ашып,сабақ берген.