Объяснение:
Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.
Қазақ сахнасында "Екі езу", "Тамаша" сынды сатиралық театрлар осыдан 3,4 жыл бұрын халықтың көңілінен шыққан еді.Одан кейін олардың орнын , Нұржан Төлендиевтің ,Тұрсынбек Қабатовтың жинаған "Көңілді атапқырлар алаңы" сынды театры орнын басып халықты өзіне қаратты.Әйгілі сатира саңлағы Көпен Әмірбек ағамыздың айтуынша, қазір еліміздегі сатиралық театр өнерінде жаңалық, бір батылдық жоқ екен. Бұл сөзімен мен толықтай келісем.Өйткені қазіргі жастардың көбі театрға барудың орнына ,жайдарман,квн тағыда басқа бағытқа қызығады.Бұл неліктен? Бұл әрине, жаңа нәрсенің болмауы.Бүлда бір теардағы мәселе.