Пай,пай,әжелер-ай.
Қазақ халқының әр отбасында әженің орны ерекше әрі қастерлі.Сан тараулы тарихымызда Домалақ ана,ұлы ақын Абайдың әжесі Зере,Айғаным секілді әжелеріміздің бейнесі өшпес мұра.Сондай әжелердің бірі - Елдостың Нағима есімді асыл әжесі.Елдос жанұяның тұңғышы болғандықтан,кішкентайынан Нағима әженің қарауында болды.Әжесі оған ес жиып,әр нәрсеге қызыға бастағанында ертегі,аңыз-әңгімелер айтып беретін.Міне,сол әже тәрбиесін көрген Елдосты ауылда озат оқығаны үшін қаланың бір мектеп-интернаты оқуға шақырды.Елдос жақындарының рұқсатымен қазіргі таңда сол жерде білімін жалғастыруда.
Оқушылар үшін қысқы демалыс та келіп жетті.Елдос ызғарлы боранның әсерінен ауылға апарар тас жолдың жабық екендігін естіп тұнжырап отыр.Не дегенменде,асыл әжесін көрмегеніне біраз болды.Көңілсіз ұйықтаған Елдос таң ата төсегінің жанында отырған сүйікті әжесін көріп орнынан атып тұрды.Нағима әже немересіне ауылдан құрт пен майын,өз қолымен тоқыған жүн шұлық,кеудешелер алып келіпті.Ал Елдосқа әжесінің алыстан ат терлетіп келгенінің өзі жетіп жатқан еді.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.Иранда, т.б.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ҰНЕСЦО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.[2]
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.