Төл тарихымыздың жадымыздан ешқашан өшпейтін зұлмат бір кезеңі – жоңғар шапқыншылары тудырған, халқымызға алапат қырғын әкелген «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қасіретті жылдары. ел басына күн туған осынау заманда ұлт намысын аяққа таптатпауды серт еткен ерлер бес қаруын асынып, атқа қонды. атамекенімізді қасық қаны қалғанша қорғаған сол батырларымыздың есімдері қазақ тарихында мәңгілікке алтын әріппен жазылып қалды. ел-жұрты ардақтап, көзі тірісінде-ақ ерлікпен өрілген өнегелі істерін аңызға айналдырған алыптар шоғырынан әсіресе, қаракерей қабанбай, қанжығалы бөгенбай, шапырашты наурызбай батырлар тұлғалары айрықша асқақтап көрінеді. бұқар жырау «ошақтың үш бұтына» теңеген бұл үш батыр абылай ханның ту ұстаушы бас батырлары, сенімді серіктері болған. тәуба, қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіндегі қазақ батырларының тарихи рөлі тәуелсіздігімізді алғалы бері біршама айқындалып, бүгінгі таңда зор тағылымдық мәнге ие болып келеді. осынау игі іске қал-қадерімізше үлес қосу мақсатында біз де «аңыз » журналының алдыңғы екі нөмірін қабанбай һәм бөгенбай сынды асылдарға және олармен шайқас даласында үзеңгі түйістіре қатар найза сілтескен ер замандастарына арнаған болатынбыз. ал бұл жолғы нөміріміз үшем батырдың жас жағынан кішісі болғанымен, атақ-даңқы жағынан ағаларынан еш кем түспейтін жампоз ер шапырашты наурызбай батырға, сондай-ақ наурызбаймен бірге жау қолын қазақ жерінен түре қуған ұлы жүздің жаужүрек батырларына арналып отыр. алайда, нөмірді дайындау барысында қынжылтқан жайт: наурызбай батыр туралы деректер аса көп емес екен. тарихшыларымыз негізінен, сол аз дереккөздер қатарындағы бұқар жыраудың толғауларына, қазыбек бек тауасарұлының «түп-тұқианнан өзіме шейін» деген кітабындағы мәліметтерге, шәді төре жәңгірұлының «тарихат» дастанына сүйенетінін байқадық. сондай-ақ, наурызбай батырмен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелескен ресей патшасының жоңғар қоңтайшысы қалдан серенге жіберген елшісі карл миллердің күнделігі де құнды дереккөзіне жатады. тарихшыларымыздың баяндауларын саралай отырып тағы бір байқағанымыз – осыған дейінгі зерттеулердің өзінде бірізділіктің жоқтығы. соның бір мысалы, наурызбай батырдың әкесінің аты әр жерде әртүрлі жазылады. қазыбек бек тауасарұлының кітабында наурызбай құттымбетұлы болып жазылса, «қазақстан» ұлттық энциклопедиясында наурызбай құтпанбетұлы делінген. дұрысы қайсы? бұл орайда белгілі тарихшы талас омарбеков: «біздің ойымызша, тарихи шындық наурызбайдың әрі замандасы, әрі туған әкесіндей болған қазыбек бек тауасарұлының жағында деп білеміз. олай болса, наурызбай тарихымызда құттымбетұлы болып жазылуы керек», – депті. жалпы, тарихшыларымыздың сұхбаттары мен қолда бар әдеби-тарихи деректер арқылы көз жеткізгеніміз: наурызбай – ең алдымен, батыр. бас батыр. талай ұрыста қол бастаған, қазақ жасағын жеңіске жеткізген көреген қолбасшы, шебер ұйымдастырушы. ғалым з.ғайыповтың жазғанына сүйенсек, «аңырақай» шайқасында «өрсеткен ерлігі үшін батырға ата- бері келе жатқан «соқман» лауазымы берілген. бұл лауазым жаудың іргесін ыдырата сөгуде ерекше ерлікке ие болған батырларға ғана берілген». сондай-ақ, ол – елшілік қатынастарға да араласқан мәмілегер, ел қамын, ер тағдырын ойлаған саясаткер. кей тарихшылардың айтуынша, алла тағала бабамызды тіпті әншілік, күйшілік, сазгерлік, ақындық қасиеттен де құр қалдырмаған көрінеді. сұхбаттарды оқи отырып, әсіресе, рухың еріксіз атойлап шыға келетін тұстар – наурызбай сынды азулы батырдың жоңғар батырларымен жекпе-жекте таудай алып тұлғасымен жаудың зәре-құтын алып қана қоймай, ересен күш-қайраты мен жете меңгерген айла-әдістерінің арқасында қарсыластарынан алапатын асыратын жеңісті сәттері. ұрыс даласының жекпе-жек дейтін қатал заңы бойынша тілеулес жұрты додаға үкілі үмітпен шығарып салатын, қос батыр ел намысы үшін арпалысатын осындай сын шақтарда наурызбай батыр көксүңгісін қаскелеңнің жауырынына бойлай қадаса, шамал ханды шоқпарымен бір ұрғанда-ақ жер жастандырған.
1. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады;2. Қазақстан мен Ресей шекарасы – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,8 шақырым);3. Екібастұз ГРЭС-2 түтін мұржасы дүниедегі ең биік мұржа болып саналады; Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна);5. Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады;Бірінші ондыққа кіретін мемлекеттер:1. Ресей2. Канада3. ҚХР4. Америка Құрама Штаты5. Бразилия6. Австралия7. Үндістан8. Аргентина9. Қазақстан10. Судан6. Қазақстан – қызғалдақ пен алма отаны; 7. Жылқы алғаш рет Қазақстан аймағында қолға үйретілген;8. Медеу – таудың ең биік бөктерінде орналасқан мұз айдыны; Тап қазіргі уақытта Медеу қысқы спорт түрі бойынша көлемі жағынан ең үлкен және ең биікте орналасқан мұз алаңы болып саналады (10,5 мың м²). Таудың биік жартастары әлемдік рекордты жаңарту үшін өте қолайлы жер. Медеу мұз айдынында 170 әлемдік рекорд орнатылған.9. Жердің алғашқы жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.10. Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда табан тіреген. Көлемі 6717 шаршы шақырым.11. Орыс тілінің «деньги» сөзі Қазақстан елінің қазіргі валютасы «теңге» сөзінен шыққан.12. 1968 жылы ақпанның жиырмасы күні Қазақ ССР темір жолы салмағы 43,4 мың тонна, ал ұзындығы 6,5 шақырым болатын 440 вагонымен әлемдік рекордты жаңартқан.13. Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі. Алматы телемұнарасы 1978-1982 жылдар аралығына салынды. 1984 жылдан бастап қолданысқа берілген. Телемұнара 600 миллион рубльге (теңгеге шаққанда 2 879 400 000 болады) салынып, сейсмологиялық талаптарға сай өте берік етіп тұрғызылған.14. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін әр оқтың үшіншісі осы қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларда жасалған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку