«Сулы жер нулы жер», «Өзен жағалағанның өзегі тал- мас», «Сағадағы ел су ішеді, аяғындағы у ішеді» деген дана-
лық сөздер қалдырған ата-бабаларымыз теңіз тұрмақ, әрбір
өзен, көл, тіпті құдықтарға дейін жау қолында қалдырмай,
осы бір тіршіліктің көздерін ұрпағына табыстап отырған.
Қазақ даласы онсыз да табиғи суларға аса бай емес.