Дәрігер болғым келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
1. Тура мағыналы тіркес
D) Терең құдық
2. Тура мағыналы сөз тіркесі
E) Ақ көйлек
3. Синонимдер қатары.
D) Зат, бұйым.
4. Буын құрайтын дыбыс.
C) Дауысты.
5. Есім сөзден жасалған туынды етістік
A) Тазала, көмектес
6. Сан есімнің мағыналық түрі.
Атадан – алтау, анадан – төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
E) Жинақтық
7. Сөйлемдегі толықтауыш.
Кеше Шоқан ағасымен көп сөйлесті.
D) Ағасымен.
8. Бастауыш пен баяндауыш зат есімнен тұрған сөйлем.
B) Тіл – қоғамдық құбылыс.
9. Етістіктен жасалған синонимдер қатары.
E) Таңдау, талғау.
10. Үстеуден болған синоним.
D) Тез, жылдам, лезде.
11. Сөйлемнен қос сөзді табыңыз.
C) Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір.
12. Негізгі зат есім тізбегі.
C) Отан, ар.
13. Берілген сөйлемнің түрі.
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
B) Ыңғайлас.
14. Берілген сөйлемдегі тұрақты сөз тіркесі.
Біздің қалада жағдайы жоқ отбасыларына қол ұшын беру мақсатында акция өткізіледі.
E) Қол ұшын беру.
15. Сөйлемдегі мөлшер үстеуі.
B) Қазіргі кезде табиғат жағдайы онша емес.