6-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Тілдік құралдар арқылы жанрлық ерекшелігін анықтаңыздар.
Дүниежүзілік сауда ұйымы, ең алдымен, тауарлар және қызмет-
тердің саудасын реттейтін ережелер жиынтығы.
BYY-ға мүше 193 мемлекеттің 161-і экономикалық және сауда
саясатын жүзеге асыруда осы ережелерді басшылыққа алады. Олардың
арасында дамыған елдер де, дамушы мемлекеттер де бар.
Бүл үйымға кіру Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік
инвестиция тартуға, бүкіл әлеммен сауда-экономикалық байланысын
нығайтуға және ел ішінде босекеге қабілетті бизнесті дамытуға мүмкіндік
береді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның, Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіруі қарапайым тұтынушылар үшін де тиімді. Нарықта
сапалы тауарлар пайда болады, олардың түрлері кеңейеді. Отандық
өндірістің екінші тынысын аша түседі. Өйткені елімізде шығарылатын
өнімдерге көбіне отандық шикізат қолданылады. Сондықтан бұл бізге
басымдық береді.