Қазақ көшіп - қонып өмір сүрген халық. Олар көшіп жүріп жер бедерінің сан алуан түрін кездестіретін және соның әр қайсысына ат қойып отырған. Ал бұл көріністермен ерте кездегі қазақ балалары туа таныс болатын. Өйткені бүкіл тіршілігі табиғат аясында өтетін еді.
Табиғат демекші, әлемде табиғаттай күрделі, құдіретті, бай нәрсе жоқ. Ол адамнан бастап, өлі - тірі заттың бәрін де жарата алады және шетінен жойып та отырады. Мысалы, жанды зат өледі, өсімдік шіриді, тас үгіледі, сүйтіп топыраққа айналады. Сондықтан да дүниедегі ең асыл зат топырақ десек, қателеспейміз. Өйткені әлемдегі бар затты бойына сіңіретін де, оны қайтаратын да - топырақ. Топырақтан сан алуан өсімдіктер: шөптер, ағаштар, жемістер, дәнді дақылдар, гүлдер т.б. өз қажетін алып, өсіп шығады.
Байқап көрсек, жер атымен атауы осындай бір ерекшелігіне немесе бедеріне қарай аталады екен.
Бұрынғы ауыл балалары бүгінгідей ғылыми зерттеп білмесе де, көзімен көріп, ортасында өсетін. Бір сөзбен айтқанда табиғатты туа танитын.
Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгілде үш ай бар. Жылдың басы қаңтар айынан басталады. Қыста қар көп жауады. Өзен-көлдердің бетін мұз басады. Адамдар жылы киініп жүреді. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыстан кейін қарлар еріп, көктем келеді. Көктемде күн жылынады, жер көгереді, гүлдер гүлденеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Адамдар егістікті қолға алады. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
Жаз мезгілінде күн өте ыстық болады. Оқушылар демалысқа шығады. Жеміс- көкөністер пісе бастайды. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
Жаздан соң күз келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Аспан бұлттанып, жиі-жиі жаңбыр жауады. Күн суытады.
Әр мезгілдің өзіндік ерекшелігі бар. Маған төрт мезгілде ұнайды.