ответ:Біз бейбітшілікті сүйеміз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білемін.
Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескер¬сек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен бере-кесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.
Бейбітшілік болса, барлық жерде бақыт орнап, тыныштық болады.
Егер біз бір-бірімізбен тату болсақ, бейбітшілік, ынтымақтастықты ұстай алсақ, Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Біз болашақ жас ұрпақ Елбасымыздың саясаты мен жоспарын, кең байтақ дархан даламыздың көгінде тек бейбітшілік құсы ұшып, ұлтаралық келісім орнағанын қолдаймыз.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Объяснение:
1 тапсырма:
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер.
Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.
Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан.
2 тапсырма өзің ауызша жауап бересің
3 тапсырма оқисың болды