azz077
26.06.2020 02:39

Семантикалык картаны толтыру


Семантикалык картаны толтыру

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Света3811
26.02.2023 02:11
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
oksa7610
10.12.2022 02:57
Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар. жаздың бір күні, қыстың мың күні. нөсер алдында найзағай ойнайды. жаңбыр бір жауса, терек екі жуады. күркіреген бұлттың жаңбыры аз. таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас. туған ай, тураған етпен тең. қаз келсе, жаз келер, қарға келсе, қатқақ келер. су аққан жерінен айнымас. сәуір болмай, тәуір болмас. үркерлі айдың бәрі қыс. қыстың көзі қырау. шағала келмей жаз болмас. шаңқан келмей, боз болмас. жел түбі азық, жекен түбі қазық. сәуір болса, күн күркірер, күн күркіресе, көп дүркірер. мәуесі бардың әуесі бар. қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс. әрнәрсе уақытымен қызықты. тауына қарай тоғайы, шошқасына қарай торайы. cу басынан буылады. тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас. көлдің көркі құрақ, таудың көркі бұлақ. жаз сайға қонба, қыс қырға қонба. сүмбіле туса су суыр. от арық, су семіз. жаңа айдан жақсылық. тоқты тоймас, шөміш кеппес. алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтар. таң атпайын десе, күн қоймайды. kz » қазақша мақал - мәтелдер жинағы zharar 6 787 13.04.2015 қазақша мақал - мәтел: жаз жазғытұрым жел жардай атанды жығар. қыстағы суық – жаздағы ыстық қазақша өлең: бұқар жырау (ақсаңнан биік тау болмас) ақсаңнан биік тау болмас, бауырынан қашқан күзен көрінбес, ақшам батпай түн шықпас, ажал жетпей жан шықпас. етекті кессең қазақша мақал - мәтел: 22 наурыз - наурыз мейрамы ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын! наурыз көже қалғанша, жаман қарын қазақша мақал - мәтел: табиғат көріністері табиғат - тал бесік. жер - ана, ел - . қара жерге халық ие. жер - ел ырысы. жер - таусылмайтын қ қазақша мақал - мәтел: табиғат, табиғат құбылыстары ң табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ. табиғат жер байлығы, батырлар ел байлығы. нөсер алдында найзағай ойнайды. күн күркіресе, көп дүркі қазақша мақал - мәтел: тау асқар тау алыстан көрінеді. асқар таудай алып бол, әппақ күндей жарық бол. асқар таудың айбыны қарыменен (орынбай ақын). бұлбұлға бау жақсы, кекілікке тау жақ лучшие никто ещё не оставил комментариев, станьте первым. жаңалықтар өлеңдер тасмағамбетов мәскеуде су жаңа үш қабатты ғимаратқа көшіп келді (фото) мұғалімдердің жалақысы қаншаға артады - білім министрлігінің жауабы 2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі және қаншаға өседі? белгілі журналисті қорқытқан төреғалидың тағы бір былығы ашылды (фото, видео) медальдарынан айырылған илья ильин әйелімен ажырасып кетті прихожане мечети в вко заявили, что имам занял у них миллионы и сбежал (фото) бқо-да жұмыссыз жүрген азамат қалай өз зауытын ашып алғанын айтып берді (фото) кеңестер анекдоттар илон маск болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді тойға кеңес: тойхана, құдалық, көрпе-төсек, ұзату той ағылшын тілін қалай үйренуге болады? емізгенде жалаң бас отырмаңыз, себебі… болашақ жарды қалай таңдау керек? ер азамат жұбайынан не күтеді? жыныстық қатынаспен қанша рет айналысу керек 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота