htntjtjt
05.07.2020 01:41

Газдалған,сусындар,өнімдер,төмен,зиян,сапасы,жартылай,сақталу,дұрыс. Составь предложения с данными словами

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Motya232
06.04.2021 21:16

Сен жігерсіз де, ақылсыз да бала емессің. Мойынға алсаң, бәрі де қолыңнан келеді. Оған мен сенемін... Жалғыз-ақ бұдан былай маған көз жасыңды көрсетуші болма! Оны жолдастарың да, мұғалімің де көрмейтін болсын! Жалынып шыққан көз жасы жасықтықтың белгісі... Жасықтық пен әлсіздік жүрген жерде толқымалы тайғақ ойға да орын көп... Ағат кеттің бе жасырма шыныңды айт! Білмейсің бе, қолыңнан келмей ме, арланба, тура айт! Сонда оңасың, кері кетпей, сонда ілгері басасың өзіңе де, достарыңа да сонда ғана пайда келтіресің... Иә солай, маған мұң шағып жылама да, кешірім де сұрама, уәде де берме, өз қатеңді іспен жөнде! Жолдасыңмен табыс, мұғалімің айтқандай кешірімді содан сұра. Міне, осыған келісейік. Ал, кәзір төсегіңе бар да, ұйықта!..

Есенбек сөз таластыруды, бір айтылған пікірді қайталап жатуды қаламайтын әке еді. Оның бұл сырына баласы да қанық-ты. Сондықтан қайтып еш нәрсе деместен, Жарқын әке әмірін орындап, төсегіне қисайды да, көп ұзамай-ақ ұйықтап кетті

0,0(0 оценок)
Ответ:
MELEKLER87
21.01.2021 17:42

Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота