us6ipi2013
29.01.2023 12:04

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол. Бұл қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Сондықтан мен үшін мұғалім – ең мәртебелі, құрметке лайық мамандық. Менің түсінігімдегі мұғалім – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі – жылы, көңілі – дарқан адам.

Барлық ұлы адамдар мұғалім алдынан өткен, білім алған, үлгі-өнеге көрген. Олардың бәрі ұстаз алдына бас иген. Ұстаздар шәкірттерге туған баласындай қарап, ақыл айтып, білім нәрімен сусындатып, оңы мен солын танытады. Әр баланың көңілін тауып, жағдайын жасап, қамқорлық көрсетеді. Балалар мұғаліміне зор құрметпен қарап, өзінің ішкі сырларымен ашық бөліседі. Ұстаз жеке уақытын аямай, барлық білімін, жан-дүниесін, мейірімін оқушыларға береді. Тіпті өмірден өз орнын табуға да көмектеседі.

Мектеп қабырғасында біз көптеген пәндерді оқимыз. Мен үшін ең маңызды пән – қазақ тілі. Қазақ халқы талай жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізгенінен бері көптеген армандар орындалды. Соның жарқын көрінісінің бірі біздің елде мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

Мен – Гилязитдинова Наталья, қасиетті Әулиекөл ауданының атақты ғалым Шоқан Уәлихановтың туған жерінің тумасымын. Ұлтым татар болса да, жүрегім үнемі «қазақ» деп соғады. Мен оқитын тоғызыншы сыныбым көп ұлтты, бірақ бәріміз өте татумыз, әрқашан бір-бірімізге қол ұшын созамыз.

Мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгеруім қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімім - Мадина Хамзақызының еңбегі деп білемін. Ол бізге қазақ тілін бірінші сыныптан беріп келе жатыр. Оқушыларына үнемі ақыл айтып, жөн сілтеп отырған ұстазымыздың сөзі біз үшін алтыннан да бағалы .

Мүмкін сондықтан мұғаліміме еліктеп, соған қатты ұқсағым келіп, мен келешекте жоғары оқу орнына түсіп, қазақ тілі пәнінің маманы болуды армандаймын. Жоғары оқу орнын аяқтап, өз ауылыма оралып, кішкентай бүлдіршіндерді қазақша оқытқым келеді. Мұратыма қол жеткізу жолында өзіме қазақ тілінде жетік сөйлеу деген мақсат қойдым. Бос уақытымда қазақша әндерді шырқауды, өлеңдерді жатқа айтуды, әдеби шығармаларды оқуды ұнатамын. Сүйікті ақын- жазушыларым - Мұқағали Мақатаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Қалқаман Сарин.

Жазда мемлекеттік тілді жақсы білетін, үздік оқушыларға арналған демалыс орнына бардым. Бірнеше жыл бойы қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиада, байқау, сайыстарға үнемі қатысамын. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қостанай қаласына барып, «Мың бала» байқауына қатыстым. Жеңіске жетпесем де, байқаудан қанаттанып келдім. Өйткені жаңа достарыммен танысып, олармен қазақ тілінде сөйлесіп, ерекше сезімдерге бөлендім. Желтоқсан айында аудан бойынша пәндік олимпиаданың бас жүлде иегері атандым. Осындай жетістіктеріммен мемлекеттік тілдің өркендеуіне шағын болса да, үлесімді қостым.

Мемлекеттік тіліне деген құрметім қазақ халқына деген құрметім деп түсінемін. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері қазақ халқының мәдениетін, тарихын, әдебиетін, тілін білуге міндетті деген сөздермен ойымды аяқтағым келеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
MrRobik
06.01.2023 00:32
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір – қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді өрт қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Tus1
25.11.2022 17:04

Менің сүйікті спортшым

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.

Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота