Альба294
09.09.2021 11:37

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша тестік сұрақтар 1. Абайдың шын аты кім?
А) Мұхамедканафия
ә) Сәдуақас
*б) Ибрагим
в) Ақжігіт
2. Абай неше ағайынды болған?
А) 6 *ә) 7 б) 8 в) 9
3. Абай Ахмет – Риза медресесінде қай жылдары оқиды?
А) 1855 - 1860 ә) 1855 1859 *б) 1855 - 1858 в) 1855 - 1857
4. Абай өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы нешінші жылдан басталады?
А) 1881 *ә) 1882 б) 1883 в) 1884
5. Абай Е. П. Михаэлиспен нешінші жылы кездесті?
А) 1867 ә) 1868 б) 1869 *в) 1870
6. Ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі нешінші жылы жазылған?
А) 1883
ә) 1984
*б) 1885
в) 1886
7. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселе көтереді?
А) махаббат мәселесі
ә) әлеуметтік теңсіздік
б) адамгершілік мәселесі
*в) достық мәселесі
8 Ақындары ақылсыз, надан келіп, көр – жерді өлең қыпты, жоқтан қармап, - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) «Қалың елім қазағым...»
*ә) «Өлең сөздің патшасы»
б) «Сегіз аяқ»
в) «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
9. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері қай жылдары жазылған?
*А) 1886 - 1890
ә) 1886 - 1889
б) 1886 - 1888
в) 1886 - 1891
10. Абай Пушкин шығармаларын көбірек шұғылданған жылы қайсы?
А) 1888
*ә) 1889
б) 1890
в) 1891
11. Ақын «Евгений Онегин « үзінділер күйінде неше өлең шығарды?
А) 5 ә) 6 б) 7 * в) 8

12. Ақын М. Ю. Лермонтовтан қанша шығарма аударған?
А) 25
ә) 24
б) 26
*в) 27
13 Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй! – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) «Көзімнің қарасы»
ә) «Бойы бұлғаң»
*б) «Құлақтан кіріп бойды алар»
в) Сегіз аяқ»
14. Абай Крыловтың мысалдарын аударумен қай кезде шұғылданған?
А) 80 – жылдардың аяғы
*ә) 90 – жылдардың аяғы
б) 70 - жылдардың аяғы
в) ХХ ғасырдың басы
15. Абайдан неше поэма қалған?
А) 5 ә) 2 *б) 3 в) 4
16. «Абай – қазақтың бас ақыны» дегенді кім айтқан?
А) М. Дулатов
*ә) А. Байтұрсынов
б) М. Жұмабаев
в) Ж. Аймауытов
17. Абайдың қара сөздерінің саны қанша?
А) 44
ә) 43
б) 42
*в) 45
18. Абайдың немере інісі кім?
А) Оспан
ә) Тәңірберді
*б) Шәкәрім
в) Абылай
19. Абай қай жылы дүниеден өтті?
А) 1903
*ә) 1904
б) 1905
в) 1906
20. 2005 жылы Абайдың туғанына қанша жыл болды?
*А) 160
ә) 155
б) 150
в) 165

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
↓
Популярные вопросы:
Ответ:
yardeebro
01.07.2020 03:53
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Pomashка03
13.11.2021 05:44

Менің арманым

Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота