Астана - мақтанышым.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.
Менің сүйікті мамандығым
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын арман болмайды…Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырады. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым. Осы сұрақтың жауабы механик еді.
Мен Дәлуов Заманай Ықласұлы – Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технология колледжіне «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына оқуға түстім.
Қозғалтқыш – көлікті жүргізу үшін қолданылады. Жанармай ыдысындағы жанғыш қоспаны май сорғы арқылы сорып алып инжекторге беріледі. Инжектордағы жанғыш қоспаны және ауаны форсунка арқылы газ таратқыш механизміне береді. Клапан арқылы цилиндрге толтырылады. Поршень жанғыш қоспаны сығып шам арқылы жағып жанған газды шығару клапаны арқылы шығарып жібереді. Автомеханик – көлік жөндеу жұмысы мен техникалық қызметін жүзеге асыратын қызметкер