Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз. Қазақстанның оңтүстіг(і)нде Отырар деген қала болған. Оны Шы(ң)ғыс хан басып алғыс(ы) келеді. Қала тұрғ(ы)ндары Отырарды ерл(і)кпен қор(ғ)айды. Отырарды қорғауш(ы)лардың ерліг(і)н хал(ы)қ ешқашан ұм(ы)тпайды. No 2. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз. Б(і)з к(ө)ршілерімізбен тату-тəтті тұрам(ы)з. Көршілер(і)міз – жақсы к(і)сілер. Олар бізге (ү)немі көмектеседі. Мен күнде аулада көрші балалармен ойна(й)мын. Мен(і)ң ор(ы)с, қаза(қ), татар, (ұ)йғыр көршілер(і)м бар
Аңызақ жел – желдің отын құрғататын оңтүстік-шығыстан соғатын жел;
Ескек жел – топырақты кептіріп жіберетін, көктемнің басында соғатын жылы жел;
Қара жел – күзде соғатын суық жел;
Алтын күрек жел – қыстың аяғында қарды әкететін жел;
Жапырақ жел – күзгі ағаштың жапырақтарын үйіріп әкететін жел;
Қума жел – бірде басылып, бірде үйіріп соғатын жел;
Өкпек жел – жазғытұрымда солтүстік-шығыстан соғатын жайсыз жел;
Әуір жел – шілдеде соғатын ыстық жел;
Үскірік жел – суық жел;
Қазанның қара желі – күздегі қара суық жел;
Терімсал – шілдеде соғатын ыстық жел;
Мал-жанға жайлы жер: қоңыр жел, самал жел, мырза жел, жайдақ жел, майда жел;
Мал-жанға жайсыз жел: ызғырық жел, үскірік жел, өкпек жел, сары жел;