fhderDgy
04.12.2020 15:51

Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар ​


Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Dirol3434
17.12.2020 12:17

Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады, көлемі 28-жол. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадантуған бір алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады» (Әуезов М. Шығ.жинағы, А., 1985, 20-т., 164-165-6.).

Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні. Тәңіріні тани алмай қор болатын шалалықты, мақсатсыз құр мүлгуді шенейді. Әрине, бұлай сынау - тәңіріне шек келтіру емес. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей тұрып, тәңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды, саналы болуы керектігін айтады. Өлең - осындай қарама-қайшы пікірге толы, драмалық қуаты күшті туынды. 11 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақтажарияланды. Өлеңнің кейбір басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер бар. Мүрсейіт қолжазбаларында 4-шумақтың 4-жолы «Талапты тағы да ойлап зор қылады» деп жазылса, 1909, 1939, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Талпынып тағы да ойлап зор қылады» болып басылған. Ал 1933, 1939 жылғы жинақтарда 7-шумақтың 1-жолы «Өмір жолы - тар соқпақ, бір иілген жақ» түрінде берілсе, 1909, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Өмір жолы тар соқпақ, бір иген жақ» - деп өзгертілген. Өлең өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ тілдеріне аударылған.[1]

брат жардем бердымба саган) или мастер лайк басын

0,0(0 оценок)
Ответ:
advoumnaya
07.01.2023 15:35
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:

«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота