Ellionora1227
24.04.2021 05:16

ТЕСТ ПО КАЗАХСКОМУ 1. Үстеудің қанша түрі бар?
А. 5
Б. 6
В. 7
Г. 8
Д. 9
2.  Үстеу дегеніміз не?
А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді.
Б) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
В) Заттың сапасын, көлемін білдіреді.
Г) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді.
Д) Сөз бен сөзді байланыстырады.
3. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды.
Б) Ілгері жүрді.
В) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.
Г) Қыруар жұмыс істедік.
Д) Өте үлкен екен.
4. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз.
А) қашаннан?
В) қаншама?
С) қайдан?
Д) кімше?
Е) қандай?
5. Мақсат үстеуді табыңыз.
А) әлгінде, емін-еркін
Б) орасан, әжептәуір
В) жорта, әдейі
Г) тысқары, мұнда
Д) амалсыздан, бекерге
6. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады?
А) мекен үстеуі
Б) мезгіл үстеуі
В) күшейткіш үстеуі
Г) мақсат үстеуі
Д) себеп-салдар үстеуі
7. Күшейткіш үстеуді белгілеңіз.
A) Тым.
Б) Кеше.
В) Әдейі.
Г) Қасақана..
Д) Ертең
8. Мекен үстеуін табыңыз.
A) Ертең.
B) Былтыр.
C) Жоғары.
D) Сонша
E) Жедел.
9. Себеп-салдар үстеуін тап?
А. Босқа
Б. Жоғары
В. Төмен
Г. Әдейі
Д. Ертең
10. Жюль Верн қай жылы дүниеге келген?
А. 1829
Б. 1830
В.1828
Г. 1827
Д. 1831
11. «Әлемді сексен күш ішінде шарлау» әңгімесінің басты кейіпкері?
А. Жюль Верн
Б. Стюарт мырза
В. Паспорту
Г. Фикс
Д. Фогг
12. Стюарт пен Фогг қанша ақшаға бәсекелесті?
А. 21миллион фунт стрелингке
Б. 22 миллион фунт стрелингке
В. 23 миллион фунт стрелингке
Г. 20 миллион фунт стрелингке
Д. 19 миллион фунт стрелингке
13. Мистер Фогг кімге үйленді?
А. Француз қызына
Б. Испан қызына
В. Үнді қызына
Г. Орыс қызына
Д. Ағылшын қызына
14. Мистер Фогг және Паспорту Лондонға қашан оралды?
А. 22
Б. 21
В. 20
Г. 23
Д. 24
15. Салыстырмалы шырай қатысқан тіркесті табыңыз.
А) ызалы жүрек
Б) жылышырайлы жан
В) өте ұяң қыз
Г) құп-қу болып кетті
Д) шүңіректеу көз
16. Сын есімнің жай шырай түрін табыңыз.
А) кішірек
Б) сұлу
В) үлкендеу
Г) сарғылт
Д) бозаң
17.  «Көкпеңбек , аппақ» сөздері қай шырай түріне жатады?
А) жай шырай
Б) асырмалы шырай
В) күшейтпелі шырай
Г) шырайы жоқ
Д) салыстырмалы шырай​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Колобокхоёк
17.05.2020 19:36
Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.
Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген жартылыстанушы ғалым Е.П.Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді.Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.Абай 8 жасында «Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан «Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.Абай өлеңдерін 10 жасынан («Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. «Сап, сап, көңілім”, «Шәріпке”, «Абыралыға”, «Жақсылыққа”, «Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның «Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген «Қыс”, «Күз”, «Жаз”, «Жазғытұры” өлеңдері, «Масғұт”, «Ескендір”, «Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Лера9814
02.09.2020 00:36

Он жетінші қарасөз Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен тұрады. Абайдың бұл қарасөзі оның ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерімен мағыналас болып келеді. «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» атты өлеңі мен он жетінші қарасөздің мазмұны бір. Ақын өлеңде айтқан пікірін қара сөзде дамытып, аша түседі. Бұл Абайдың өз идеясына беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтынын дәлелдейді. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адамның адамды сүюін, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді Абай.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота