chvdima
09.07.2022 19:33

Ребята Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

1-мәтін
Қазақта «Ас – адамның арқауы» деген мақал бар. Бұл мақал «адам ас ішіп қана дұрыс өмір сүреді» дегенді білдіреді. Сонымен қатар «Ас тұрған жерде дерт тұрмас» деген де аталы сөз бар. Адам қанша ауырса да, ас ішіп жүрсе, денсаулығы тез қалпына келеді.
Тамақ ішу – қажеттілік. Тамақ денсаулық үшін аса пайдалы. Тамақта адамға керек дәрумен, минерал, май бар. Тамақ әртүрлі дәруменге бай. Жеміс-жидекте дәрумен көп.
Анам пайдалы әрі жеңіл тамақты ас мәзіріне қосады. Мен етті, балықты, әртүрлі салатты жақсы көремін.

2-мәтін

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.

Мәтіндер Тақырыбы Мәтіндегі негізгі ақпарат Мақсаты Мазмұны Аудиториясы Мазмұны
1-мәтін

2-мәтін

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ИзмМалика
27.01.2020 23:35

Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз  дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.

Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймаы келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.

0,0(0 оценок)
Ответ:
FAMAS16
15.02.2023 02:01
Дұрыс, киім киюге қабілетті, бірақ бүгінгі күні белгілі бір стильді ұстанбаудың өз атауы - эклектизм. Айта кету керек, жаңа стиль пайда болды - киімдегі эклектикалық стиль. Бұл адамға рухани жағынан, өз дәмін ерекше шеберлігі мен нәзіктігімен ерекшеленетін өз шкафтарын жасауға мүмкіндік береді. Әрқайсысы киім кию үшін өзіңіздің көңіл-күйіңіздің және қызығушылығыңызды бағалайтын етіп киюге қабілетті емес. Тек киім киюге арналған эклектикалық стилді таңдаған стилі ретінде өздері бола және өздерінің ішкі әлемімен үйлесімді бола алады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота