Менің ойымша, біздің заманымызда шет тілдерін білу өте маңызды. Кейбіреулер тілдерді жұмысқа қажет болғандықтан, ал басқалары шетелге саяхаттаумен және жай хоббімен айналысатындықтан үйренеді. Мен тілдерді білгім келеді, қаламгерлерге хат жазғым келеді немесе әртүрлі елдердегі адамдармен араласқым келеді, жаңа адамдармен танысқым келеді және достар тапқым келеді. Шет тілдерін үйрену біздің ой-өрісті кеңейтеді, адамдар білімді болады. Менің ойымша, тілдер ғылым мен техниканың, саясаттың әр түрлі саласында жұмыс істейтіндер үшін ерекше маңызды. Шет тілі ана тілін жақсы үйренуге көмектеседі.
Объяснение:
можешь его сократить
Ана туралы.
Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік. Ананың пейілі мен мейірімін сезініп өскен балалар болашақта да жақсы болары сөзсіз. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.