
Жол ережесі
Жол қауіпсіздік ережелерін бәріміз де сақтауымыз керек, ол ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін. Жаяу жүргінші де, көліктегі жүргізуші де ережеге сай жүруі шарт.
Балаларды кішкентай күнінен бастап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету керек. Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда ғана өтуге болады. Бағдаршам жоқ болған жағдайда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзінде абай болып, ең алдымен жолға шықпас бұрын сол жағымызға қарап, машинаның жоқ екеніне немесе тоқтағанына көз жеткізіп қана өтуге болады.
Ал көліктегі жүргізуші болса, жол белгілеріне сай жүріп, оларды бұзбау керек. Жаяу жүргіншіліерге арналған жолға жақындаған кезде көліктің жылдамдығын азайтып, жүргіншілер болса, соларды өткізіп, сосын жүруіне болады.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1]
Қыз бен жігіт айтысынан көрініс
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.[2]
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері