Әр адамның өзінің бос уақытта айнаысатын ісі бар деп ойлаймын.Біреулер тігуді, басқалары балық аулауды ұнатады ал маған сурет салу ұнайды.Өте жақсы іс.Адамның ой-өрісін дамытады.Мен сурет салғанда көңілім көтеріліп қалады.Ал мұңайған кезде музыканы қосып сурет саламын.Кейде сурет салғанда шабыт келетін сәттер де болады. Мен осы сәттерді ұнатамын.Осы уақытта бір нәрсе ойлап шығарғым келеді. Менің көп шығармашылық жұмыстарым көрмеге ілінді.Сурет салу мен үшін қымбат. Мен сурет салуды ең қажет іс деп ойлаймын.
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі