Sagymbekova1
02.05.2022 17:48

1-тапсырма. “Төрт сөйлем” әдісі. / / 1. Пікір. Ұшқан ұя” повесінен өзіне ұнаған бір қанатты сөзді теріп жазу.
2. Дәлел. Алған қанатты сөзін өз сөзімен түсіндіреді, дәйектейді, негіздейді
3. Мысал. Келтірілген қанатты сөзді өмірмен байланыстырады.
4. Қортынды. Өзі таңдаған нақыл сөздерінен өзінде қандай тәлім алғанын қорытындылайды.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру / /
- Мәтіннен қазақ халқының қандай салт дәстүрін байқадың? Сол туралы айт.
- Мәтіндегі «бата беру жөні» туралы қариялар сөзінен не байқадың?
- Имаш бабасының батасының мағынасын ашып жазыңдар.
3-тапсырма./ /
1. Бала Бауыржанға тән қасиеттерді топтастыру сызбасы арқылы көрсетіңдер.
2. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mrprogemir
03.12.2021 21:45
Жауынгер аға

Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.

Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.

Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.

Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
0,0(0 оценок)
Ответ:
mai31
25.05.2022 09:01

Берілген билетке жауап.

1 сұрақ.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.      

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

2 сұрақ.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

3 сұрақ.

Ит өлген жер – алыс;

Қырғиқабақ болу – ұрысу;

Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота