Соның бірі – қазір құрылысы қызу жүріп жатқан Самал ауданы мен Амфитеатрды байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі.
Ағысы жылдам, қарқыны күшті, қоршаған ортаға қуат берген тіршілік нәрі секілді Елорда да қарқынды дамып, айналасына дем беріп келеді. Жалпы Астана Еуропа мен Азияны жалғайтын көрікті көпірге айналып үлгерді.
Алғаш болып Есіл өзенінде «Тұлпар» көпірі салынды. Ізін ала қос жағалауды байланыстыратын бірнеше көпір бой көтерді. Оның ішінде автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірі де бар. Ал мына көпір жаяу адам мен велосипедшіге арналған.
Құрылысшылардың айтуынша, жұмыс аяқталуға шақ қалды. Сондықтан төніп тұрған қауіп жоқ. Құрылыс қызу жүріп жатыр. Аяқталуға аз қалды. Көркемдігі көз тартар көпірдің ерекшелігі де бар. Мәселен, мұнда 3 мыңнан асатын темір жапырақтар орнатылған. Көлемдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды.
Бір жағында 3 метрден аса велосипедпен жүретін, бір жағында 7 метр, ортасында 15 метр жаяу жүретін көпір болып есептеледі. Бұл – Атырау облысының Астанаға беріп отырған сыйлығы. Өте күрделі көпірлердің бірі болып есептеледі. Мұндай көпір Қазақстанда жоқ. Ал салмағы 2 500 тоннаны құрайтын мына көпірді су астына қалай орнатқандығын біреу білсе, бірі білмес.
Мұның технологиясы өте күрделі болып есептеледі. Судың ағысын тоқтатпас үшін әуелі дамбы салынып, ортасына турба қойылады. Сол дамбының үстіне қорғандары көтеріліп, осындай көпірдің мүсіні шығады. Сұлу сұлбасы түзілген көпірге көпшілік тамсана қарап жүр. Құрылысы аяқталса, аяңдауды асыға күтеді. Тіпті алыстан арнайы атшаптырып келгендер де бар.
«Отанды қастерлеу – елдігіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!» Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі заманғы идеялар тайталасында біз үшін маңызы мен мәні өлшеусіз екі ұғым болатын болса, соның бірі әрі бірегейі Отаншылдық түсінігі дер едім. Отаншылдық – Отанын жантәнімен сүйіп, оған қалтқысыз қызмет ету ғана емес. Отаншылдық – ең алдымен өз Отанының тарихи тек-тамырын, ғұмыржолын, қадір-қасиетін терең білу және өз Отаны үшін асқақ сезімдерге бөлену деген сөз. Отаныңды қандай қадір-қасиеті үшін кие тұтарыңды білмей тұрып, отаншыл болу мүмкін емес. Отаншылдық – ең алдымен білім мен тәрбиенің тұғыры болуға тиіс деуіміздің сыр-себебі де осында. Ал біздің ұлы Отанымыз – Қазақстан өзінің терең тамырлы тарихымен де, соқтықпалы-соқпақты ғұмыр жолымен де, мейлінше толымды мәдени-рухани төлтума болмысымен де кез келген қазақты, кез келген қазақстандықты мерейлендіруге тиіс. Міне, сондықтан да бұл тақырыпқа Елбасы Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаевтан бастап ақбасты академиктерден ұлтжанды ұстаздарға дейінгі авторлардың тұтас бір бір буыны қалам тербеді.
Объяснение: Боадыма!