Аналарды көктемнің нәзік гүлімен, таң шапағы алтын арайлы шұғыласымен, таудың бұлағымен, жер бетін түн жамылғанда сәулесі жарық аймен теңесек те, ананың зор қасиеттігіне ешбір күш қарсы келе алмас. Өткені сәбиге өмір сыйлайтын да, кез- келген қиыншылыққа төтеп бере алатын да , тағдырдың тәлкегіне мойымайтын да ол қырық жанды, қырық шырақты аналар! Нұрға толы, нәзіктік атаулының жиынтығы- ананың алақанында, сондықтан ол- сәби үшін ең жылы ұя. Өмірде ананың балаға деген махаббаты таусылмайтын, шексіз сезім. Бауыр еті баласының бақыты үшін өз жанын қашанда пида етіп, құрбан етуге даяр әр дайым ана емес пе?! Баланың балалығында, шалалығында, күйігінде ерекше пиғылмен кешіретін ол тағы да- ана! Ана мен баланың жүрегін көзге көрінбейтін, тылсым сырлы жіп шектестіріп тұрады. Баласы түзде жүргенде көңілінде мұң, үйде отырған ананың жүрегіне жетеді және де титтей қуанышында бар болмысымен сезінеді. Ананың жүрегі өте нәзік, жел соқса ұшып кететін мамықпен тең, оны жақсылығымыздың ығына басып, көңіліне қаяу, кірбің түсірмесек, ананың шын ықыласына , ризашылығына бөленеріміз хақ! Обращайся если что, буду рада
1. Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат, Аймалайтын – анаң қымбат, Асқар тауың – әкең қымбат (Қазыбек би) . 2. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді. 3. Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық. 4. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды. 5. Отан елдің анасы, Ел ердің анасы. 6. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. 7. Отан от басынан басталады. 8. Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. 9. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. 10. Отансыздың оты жанбайды. 11. Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың. 12. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес. 13. Отан үшін отқа түс – күймейсің, Арың үшін алыссаң – өлмейсің. 14. Отаны бірдің жүрегі бір, Жүрегі бірдің тілегі бір. 15. Отанын сатқан оңбас. 16. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. 17.Отаның тыныш – сен тыныш.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку