Жылқы тақырыбында басқа қандай ақын-жазушылардың шығармаларын білесіз? Соларды атап, «Құлагерді» сол шығармалармен салыстырып, поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.
Алдар көсе – қазақ сатиралық ертегісінің кейіпкері. Бұл бейне қазақ пен қырғызда бар, сонымен бірге түрікменнің бірен-саран сюжетінде кездеседі. Демек, Алдар көсе қазақ фольклорына тән төлтума бейне деуге негіз бар. Түрік халықтарына ортақ әйгілі кейіпкер Жиренше шешен Жәнібек ханға ақыл айтушы дана би кейпінде ғибратты сипатта көрінеді. Айлакер, қу, әккі Алдар көсе образы хандық билік жойылғаннан кейін қара бұқара арасында әлеуметтік жағдайдың шиеленісе түсуіне байланысты күресуші тип сипатында қалыптасқан. Алайда осы образдың терең қатпарында алғашқы қауымдағы мифологиялық түсініктердің ұшқыны бар екенін С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов еңбектерінде айтылады.
АҚ РАУШАН ГҮЛІ-АРМАНЫМ! Кезім жоқ менің сезімім үшін ақталған, Жырларымменен сезімді саған ақтарғам. Арманым болған ақ раушан гүлі даламның, Іздедім сені,іздедім сені бақтардан.
Жетелеп мені биікке қарай тәтті арман, Қоңыр да дауысың жадымда менің жатталған. Арманым болған ақ раушан гүлі даламның, Іздедім сені ататын әрбір ақ таңнан.
Таусылмайды екен арманы сірә,пенденің, Арманды қуып адасып жүрген пендемін. Сен сенер болсаң өзіңнен басқа жандарға, Сырымды ашып сырласуға еш сенбедім.
Қол бұлғап маған бір биік шыңнан,алыстан, Сен бе едің сонда арман боп маған жабысқан. Сен бе едің сонда бір тылсым күш боп кеудемнен, Жыр болып сыртқа шығам деп сірә алысқан.
Жыр болып шықтың кеудемнен, нәзік жүректен, Сен біле білсең,жүрекке нәзік гүл еккем. Мәпелеп келем сол гүлді,нәзік сезімді. Әр көктем сайын бір нәзік сезім үмітпен.
Білмеймін сені, қай жерде жүрсің,кімдермен? Білмеймін неге, қызғанам сені кімдерден? Үмітті үзбей келетін әрбір күндерден, Мен жасап алғам сені ақ раушан гүлдерден.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку