
Аудитория - [лат. audio - естимін] - тікелей мағынасында "тыңдаушы топ", яғни, сөзді тындаушы, қабылдаушы топ. Аудитория қазіргі ұғымы бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси коммуникация аудиториясы ретінде түсініледі. Мұндай аудиторияның ерекшелігі - оның кеңістігінің шектелмегендігінде. Т.Адорно мен М.Хорнхаймер негізін қалаған зерттеулерден кейін аудитория қоғамды мақсатты түрде жаппай тоталитарлы әлеуметтік-саяси құрылымдарға икемді бұқараландыру тетігі ретінде түсіндіріле бастады. Бұл геббелстік насихатты басынан өткерген Германия мен сталиндік КСРО-ны зертеген еңбектерден айқын көрінеді.
Саяхат және туризм – адамның өмір салтын білдіретін, бір- бірімен тығыз байланысты ажыратылмас екі түсінік. Бұл демалу, спорт, айналаңды тану, сауда, емделу және т.б. іс-әрекеттер. Бірақ саяхаттың басқа да демалу түрлерінен айырмашылық жасайтын факторлары болады: адамның өзінің тұрғылықты, тұрақты орнынан басқа елге, жерге саяхаттауы.
Саяхатты жеке адамдар, бір мақсатты қудалайтын адамдар тобы, экспедициялар, сонымен қатар құрамында жүздеген, тіпті мыңдаған мамандар бар әскери экспедициялар, дипломаттар, мигранттар мен келімсектер жасауы мүмкін. Кейбір халықтар үшін саяхаттау ғасырлармен қалыптасқан, тұрғылықты орындарының климаттық ерекшеліктерінен туындаған өмір салтына айналып кеткен. Оларға белунджилер, бедуиндер, сығандар және т.б. сияқты көшпелілер жатады. Көшпенділер малдарымен бірге жыл сайын жайлаулардың баршылығына байланысты бір жерден екінші жерге көшіп жүреді, оларға тіпті елдердің шекаралары бөгет бола алмайды. Мысалы, белунджилер әрдайым Пәкістаннан Ауғанстанға сөйтіп көшіп жүреді.
Объяснение: