1. Мәтінді оқып, ойларыңды ортаға салыңдар. Таң атқаннан кеш батқанға дейін әрі-бері жүретін сіз жол бойында үнсіз «тіл қатып» тұратын бағдаршамға күніне неше рет жолы- ғасыз? Үш түстен тұратын бағдаршам «Тоқта!», «Дайындал!», «Жүр!» деп жанып-өшіп, қанша адамның өмірін сақтап тұр екен?! Ол түсін алма- кезек ауыстырғанда көз алдыңызға не елестейді? Бағдаршам сіз үшін қай кезде жүріп, қай кезде тоқтау керектігін түсіндіретін құрал ғана ма?..