rublevaelina57
06.10.2020 00:43

Сабақ № 23 Сабақтың тақырыбы: Нашақорлық-қоғамдық дерт.Темекі тарту-зиянды әдет. Саламатты өмір салтын ұстанамын.
Оқылым.
1.Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның түсіну.
1987 жылды 7 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясына мүше мемлекеттер 26 маусымды «Халықаралық нашақорлықпен күрес күні» деп жариялады.. Себебі, нашақорлық барлық халыққа ортақ әлеуметтік мәселеге айналды.
Нашақорлық — есірткі пайдалануға құмарлық. Ол ағзаны психикалық және физикалық қызметтерінің бұзылуына әкеледі. Есірткі — адамның миын, психикасын, ішкі органдарды біртіндеп бұзатын у. Есірткі адамды 3-4 жылды ішінде ақыл-есінен айырады. Морфин қолданатындар 2-3 айдан кейін қызмет ету қабілетін жоғалтады, өз-өзіне қарауды қояды. Кокаин қолданатын адамдар 4 жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүрегі жарылып, не болмаса мұрын қалқаны жұқарып, қансырап өледі.
Нашақорлар өз-өзін сақтау түйсігін жоғалтады. 60%-ға жуық нашақор есірткіге тәуелді болып, өзіне өзі қол жұмсап өлуге ұмтылады. Есірткіге тәуелді адамдарда жұқпалы аурулар жиі кездеседі. Сондықтан бүкіл адамзат нашақорлық қарсы күреске шығып отыр. Қазақстанда да есірткі таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Ал Иран сияқты кейбір мұсылман елдерінде есірткі сатқандарды өлім жазасына кеседі.«Экология және ұлт денсаулығы» кітабынан
2. Тапсырма. Мәтінге 4 сүрақ құрастыру.
3. Тапсырма. Соңғы сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
4. Тапсырма. Мәтінді оқы.Тақырып қой.
Темекі тарту(никотинизм) —зиянды әдет, нашақорлықтың біртүрі. Статистикалық мәлімет бойынша, ересек адамдардың 40 пайызы темекі тартады. Оқушылардың жартысы мектептегі, ауладағы жасы үлкен балаларға еліктеп, темекі тартады. Темекіге әуестену баланың денсаулығына кері әсер етіп, түрлі ауруларға әкеп соғады.
Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан шырынының қышқылдығы төмендейді, қан қысымы артады, орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Темекіні ұзақ тартқанда тісте жарықшақ пайда болып, қанқұрт жейді. Бронхитпен ауыратындардың 75 пайызы —темекі тартушылар. Темекі адамның сыртқы келбетін де өзгертеді. Түтіннен шыққан зиянды, улы заттар беттегі ұсақ қантамырларын зақымдайды. Соның салдарынан безеу пайда болады
Бұл зиянды әдет —70-90 % жағдайда өкпе мен көмей обырына себеп. Адам темекіні қаншалық көп әрі қаншалық ұзақ шексе, ауруға шалдығу қаупі де соншалық жоғары болады. Темекі тартпайтындармен салыстырғанда, күніне бір қорап темекіден артық шеккендердің өкпе обырына шалдығу қаупі 15-25 есе жоғары екені дәлелденген. Ал бұдан да көп шегетіндер де бұл көрсеткіш —60 % . Әйелдер шегетін «жеңіл» темекінің де зардабы кем емес. Оның құрамындағы ментол өкпе тамырларын кеңейтеді, соның салдарынан зиянды заттардың де ісіңуі күшейе түседі.
5. Тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
manjester1
24.02.2021 15:20

Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
petryskakate2003
26.06.2021 06:27
Бүгін менің анамның туған күні.Менің көңіл күйім көтерінкі.Өйткені бүгін ең .алтын, ең асыл ең ,қымбат анамның туған күні.Әкем екеуіміз анама  раушан гүлдерін сыйладық.Менің анам раушан гүлдерін жақсы көреді.Анамның туған күніне туыстарымыз келеді.Біздің туыстарымыз көп.Мен анамның туған күніне ерекше дайындалдым.,анама арнап түрлі ойындар ойластырдым.Менің анам үлкен әдемі торт пісірді.,анам дастарқанды неше түрлі дәмді дәмден толтырды.Әріне мен оған көмектестім.Кешке біздің үйге қонақтар келді.Олар анамды құттықтап ,жақсы тілектер айтып сыйлықтарын ұсынды. Анамның туған күнінде ән айтып би биледік.Мен анама арнап ән айттым. Менің анамның туған күні өте қызықты өтті.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота