acre5422какаха
03.01.2023 21:17

Орыс мақал-мәтелдерін оқы.Оларды қалай түсінесің? Қандай жағдайда қолданылады? Аула үшін күйеу бала, үстелдегі пирогтар.Күйеу бала қайдан келсе қаймақ алуға болады? Тағы қандай орыс мерекелерін білесіз? Олар туралы айтыңыз.Әдістемелік ұсыныстар Білуге ​​дайындық кезінде халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, әдет-ғұрыптары мен мерекелері туралы мақал-мәтелдерді есте сақтаңыз Прочтите русские пословицы, как вы их понимаете? В каком случае это используется? Жених во двор, пирожки на столе ... Где жениху сметану? Какие еще русские праздники вы знаете? Расскажите о них Методические рекомендации Готовясь к обучению, запомните пословицы о народных традициях, обычаях, обрядах и праздниках.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kirilenkok1
22.02.2020 12:51
Менің сүйікті тағамым -бешбармақ.Бешбармақ -қазақ халқының ұлттық тағамы.Бешбармақ -пісірілген ет.Бешбармақты жылқының,сиырдың,қойдың етінен әзірлейді.Етті пісіреді,сосын қамырдан жайма жайып пісіріп табаққа салып жайманың үстіне пісірілген етті салады.Бешбармақ өте дәмді тағам.Бешбармақты сыйлы қонақтарға ,әрбір мерекелерге әзірлейді.Біз қонақ шақырғанда ,мерекелерде бешбармақ тағамын дайындаймыз. Бешбармақ -қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кұрметті тағам.Ежелгі қазақ халқы бұл тағамды бес саусағымен жеген.Сондықтан бұл тағамды ,,бешбармақ ,, деп атап кеткен.
0,0(0 оценок)
Ответ:
lubovsalamatova
22.02.2020 12:51

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.  

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.  

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.  

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота