ygorbrusnyak
02.09.2020 21:41

Қазақ тіл 7сынып 173 бет 1тапсырма​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Fura44
06.02.2021 14:45

2 тапсырма

-Олжас,аспанның түсі неліктен көк екенін білесің бе?

-Жоқ. Шынында да,не себепті олай?

-Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады.Бірақ басты шалқайтып,көкке көз тіксек,жүзін бұлт торламаған,ашық аспанның түсі көк екенін көреміз.

-Бекбау,оның сыры неде екен,ә?

-Күннің шапағы қызыл,сары,жасыл,көк,қою көк секілді түрлі түсті болады.Осындай алуан түсті сәуле қалың ауа қабыты арқылы таралғанда,ауа сәулені ыдыратып,шашыратады.Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді, себебі ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
xxx158
26.04.2022 00:07

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім? деген сұраққа жауап берер болсам, ең ұзақ тоқсан болып саналатын үшінші тоқсанның аяқталуын осы жолы тағатсыздана күттім. Себебі, биылғы көктемгі демалысымды әдеттегідей қалада емес, алтын бесік саналатын ауылда өткізетін болдым. Наурыз мейрамын қайнаған тірліктің ортасы ауылда өткізетіндіктен, бұл мейрамды асыға күттім. Сонымен, демалыс басталысымен мен ауылға жол тарттым. Бұл жерде «Наурыз – Думан» атты мерекелік іс –шараға қызу дайындық басталып кетіпті. Ауылдың ортасында киіз үйлер бой көтеріп, олардың іші ұлттық нақышта көркемделіп қойыпты. Тура Наурыз тойланатын күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, орталық алаңға жинала бастады. Ауыл – аймақтың барлығы осында, жастар алтыбақанға мініп, асыр салып ойнап жүр. Апалардың біреулері Наурыз көже өзірлеп, ет асып жатса, басқалары бауырсақ пен шелпек дайындауда. Наурыз - Думан ауыл әкімінің құттықтау сөзімен басталып, ары қарай сахналанған көрініске ұласты. Осы күні ауылда жақын ауылдық жерлерден жиылған шабандоздар арасында аламан бәйге ұйымдастырылып, бас жүлдеге біздің ауыл тұрғыны ие болды. Мерекелік іс  - шаралар бірнеше күн бойы жалғасын тапты. Мен көктемгі демалысымды осылайша қызықты өткізіп, тіпті демалыстың бітіп қалғанын да байқамай қалыппын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота