«Неліктен адамдар мамандықтары бойынша жұмыс істемейді?»
«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз екенін есте ұстаған жөн.
Ғаламтор бетінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде екі миллионнан астам жастар өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді екен, басқа сөзбен айтқанда дипломдары бар, бірақ жұмыстары жоқ. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Менің ойымша, бұл мамандықта дұрыс таңдамау салдарынан орын алады. Себебі, қазіргі жастар заманауи мамандық таңдауға көп көңіл бөліп, ал жұмыс істеуге келгенде оны игере алмай жатады. Яғни, әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдар алдында өз – өзіне "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?" деген сұрақтар қойып, ойланғаны дұрыс. Сонымен қатар, әр жоғары оқу оырндары арнайы жас түлектер үшін ашық есік күндерін өткізеді. Сол жерде кәсіби бағыт – бағдар беретін мамандырмен тілдесіп, кеңес алған дұрыс деп есептеймін. Сонда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар қатары азаяды деп ойлаймын.
Мен табиғаттың бір бөлшігім.Адам табиғатпен тығыз байланысты.Біздің манайында барлығын біз қоршаған ортамен атаймыз.Өсімдіктер - ауамыздын бастауы.Кислородсыз ешбір өмір сүрмейді.Қазір көп адамдар ағаштарды шабады.Бұл дұрыс емес.Ағаштарды,өсімдіктерді,гүлдерді қорғау керек.Көл және өзендер ластанады.Кұрылған зауыттар қоршаған ауады ластанады. Мен табиғаттың ластауына қарсымын.ӘР-бір адамның борышы- табиғатты ластамау,корғау,коқысты жерге тастамау.Егер біздің табиғатымыз таза болса,ол келесі келешекке қалады.Бізге олар туралы да ұмытпау керек.Табиғат корғау ушін арнаулы партиялар жасау керек.