anutik4
09.04.2021 12:57

Илья Ильин жылдың қорытындысы бойынша, жер бетіндегі ең үздік ауыр атлет атанды. Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы мұндай атаққа осымен төртінші мәрте ие болып отыр. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жыл сайын әлемнің үздік зілтеміршілерін жариялауды дәстүрге айналдырған. Ұйымға мүше мемлекеттер дауыс беру арқылы жер бетіндегі ең мықты ауыр атлетті анықтайды. Былтыр Грозныйда өткен Ресей президентінің кубогы бәсекесінде екі мәрте әлем рекордын жаңартқан жерлесіміз Илья Ильиннің бағындырған айтулы белесі дүниежүзін тамсандырған еді. Сауалнама қорытындысымен екі мыңнан аса дауыс жинаған толағай жаһанда өзіне тең келер ешкім жоқ екенін тағы да бір дәлелдеді. Алаш толағайының әрбір жетістігіне балаша қуанатын жерлестері бұл жолы да Ильяға тілеулестігін білдіріп, құттықтауда.
Ал әйелдер арасында Тайпей елінің спортшысы Сюй Шу-Чин көш бастады. Айта кетейік, екі дүркін олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бұған дейін 2005, 2006 және 2014 жылдары да халықаралық ауыр атлетика федерациясы тарапынан үздік деп танылған болатын. Аты аңызға айналған алып, бұйыртса, Қазақстан қоржынына тағы да алтын салады деген сенімдеміз. Ендеше, сәттілік серігің болсын, алаш оғланы!

1.Илья Ильиннің қандай атақтары бар?
2.Грозныйда қандай айтулы оқиға болды?
3.Мәтіннен Илья Ильин туралы бұрын білмеген қандай ақпараттарды білдің?
4.Осы мәтіндегі етістіктерді теріп жаз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
MrWolf1244
25.06.2020 23:23

Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілі басқа мезгілдерден өзгеше болып келеді. Көктем мезгілінде табиғат толығымен оянады. Көктем келгенін біз өз отбасымызбен қуана қарсы аламыз.

Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны  алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады.

Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз күні әйел-қыздар мерекесі деп аталады. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды сонымен қатар апайларымызды да мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі 22-наурызда аталып өтіледі. Ол күні әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді.

Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңында ысып та кетеді. Сонымен бірге жазға ұласады. Жаңбыр жауса,  кемпірқосақта түрлі-түсті болып  көрінеді. Біз оны қуана тамашалаймыз.

Көктемде адамдар бау-бақшасына түрлі-түсті жеміс ағаштары, жұпар иісті гүлдер егеді. Оларға су береді, астын қопсытады. Бұл өсімдіктердің бәрі су және күн нұрымен өседі. Айналасындағы жаман шөптерден тазартады. Ал дихандар дәнді өсімдіктер егеді.  Олар: бидай, арпа және картоп, сәбіз, қызанақ, қияр, орамжапырақ. Оларды өсіріп жетілдіру үшін дихан бабалардың еңбегі мол. Көктемде бізде жеміс ағаштарын егуде ата-анамызға, үлкендерге көмектесеміз.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
avomilag95
27.07.2022 04:23

Объяснение:

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (25 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан. Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғалиев (1891-1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.Алғашқы өлеңдері республикалық ба өз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. 1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын(1891-1940).

Анасы - Иманғалиева Халима(1893-1976).

Балалары - Оңғарсынов Айвар (1966 ж туған), Оңғарсынов Алмас(1976 ж туған).

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота