Бақыт ұғымын әр адам әрқалай түсінері анық. Оның себебі әркімдегі құндылықта, дүниетанымда, көзқараста жатыр. Меніңше, бақыт деген - өз болмысыңа сай болу. Жеті қат дүниедегі жаратылыстың баорлығының өз мақсаты, өз қызметі, түптеп келгенде өзіне ғана тән болмысы бар. Сол болмысынан ажырамау, оны баянды ету кімді де болса бақытқа жетелейді. Дін ислам бойынша а құлшылық қылмаққа жаратылған делінеді. Шындығында, адамзаттың баршасы тумысынан әлденеге мұқтаж болып, қолдау мен демеуді қажетсініп тұрады. Қолдаған құдіретке тәу етіп, құлшылық жасауы шүкірлігі іспетті. Бірақ, құлышылқтан кеудесін шер басып, еңсесі түскен емес. Керісінше, Ұлы күшке шүкіршілігін арттырып, лайықты түрде құшлығын жасаған сайын жаны тыныш тауып, рахатқа, рухани мастыққа бөленеді. Мұның өзі - адамның болмысы, өз болмысынан рахат табуы. Сол сияқты әйелдің әйел, еркектің еркек болып қана бақыт табуы, әйелдің ана болып, еркектің отағасы, ел тірегі болып өмірінің мән-мақсатын табуы да адами болмысқа байланысты. Мамандық та, өмірдегі арман-мақсат, қызмет те әркімнің өз болмыстық ерекшелігіне сай әртүрлі. Бірақ "кетігін тауып, қаланған" адамның ғана көңілі жай тауып, өз ісін сүйсіпеншілікпен атқарады. Мұнда да "болмыс" жатыр.
Ойымды қорыта келе, әр адам өз болмысына сай болса, соны мәнді, баянды ете білсе ғана шын бақытқа қауышады демекпін.
Қазақстан өте үлкен жəне бай мемлекет болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда экономика дамып жатыр, түрлі тауарлар шығатын зауыттар салынуда. Қазақстаннан шыққан тауарлар көптеген елдерде жоғары бағалануда. Қазақстанның елбасы қазақстандық өндіріс иелерін қолдауды талап етті. Енді, мемлекеттік тауарлар дүкеннің керемет жерлерінде тұрады, ал қасында "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар. Олар əріқарайда тауарларды қолдауы тиіс. Шенеуніктер отандық костюмдерді киюге уəде берді. " Көптеген шаралардан кейін, костюмдер, көйлек пен галстуктерді тігуге ынталандырды. Жəне, бізге арналып тігіліп жатыр. Қазір де сонымен айналысудамыз"-деді индустриальды даму мен қауіпсіздік комитетінің председателі Аманияз Ержанов. Қазақстанда мақтануға тұрарлықтай мəселелер көп. Индустрияльды даму мен қауіпсіздік комитетінде мемлекеттің киім шығарып жатқандығы, аяқ киім жəне Француз ұлттық құрамасын киіндіріп жүргендігі туралы айтылды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку