Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлемінде қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.
Әнші құм Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының етегінде жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 метр. Ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның әсерінен, құм төбелер де әрқилы бағытта пайда болады. Кешегі бейнелі суретті бүгін елестете алмайсың. Үнемі құбылып отырады. Жел соққан кезде електен өткендей іріктелген майда құм сусылдап, төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әдемі әуен құлаққа естіледі. Керісінше, жел күшейе соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайды. Бейне құбыжық келе жатқандай күй кешесің.
Табиғат-Ана тудырған осы бір құпиясы мол ғажап әуенді есту үшін бұл жерге адамдар әдейі ат басын бұрады. Мұнда шетелден ағылған туристерді де жиі ұшыратасың. Табиғат тудырған мұндай ғажайып «әнші» ешбір елде жоқ шығар, сірә!