Жұмбақтардағы еліктеу сөздерді тауып, тұлғасы мен құрамына қарай талдаңдар. Жұмбақтарды шешіңдер.
1. Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
2. Көк көйлекті жеңешем
Көлбең-көлбең етеді,
Желмен ұшып кетеді,
Жер түбіне жетеді.
3. Тарпаң-тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.
4. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.
5. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.