Объяснение:
.Қазақ халқының музыкалық аспаптары
Музыка аспаптарының мұражайлары көптеген елдерде бар.
Қазақ мызыка аспаптары мұражайында «өлі» экспонат жоқ.
Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілімен
көзбе-көз танысуға мүмкіндік жасалған. Музыкалық
аспаптардың ойналау сипатына, дыбысына қарай төрт топқа
жіктелген. Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, сазгер, жетіген,
адырна жатқызылса, үрмелі асп…птарға сыбызғы, керней,
сазсырнай, уілдек, қамыссырнай, үскірік жатқызылады. Ал
дабылды-шулы аспаптар тобына дабыл, тоқылдық, асатаяқ,
қоңырау, дауылпаз және тұяқтас жатады. Сарнамалы аспаптарға
ауызсырнай, сырнай жатқызылады.
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...