ladygum78
20.04.2021 23:52

  БАҒДАРШАМ

Жазғы демалыста атасы Қамбарды қалаға ертіп кетті. Қаланың орталығында ағасы тұрады. «Қамбар, менімен жүре ғой. Әрі қаланы көресің, әрі біраз бойыңды сергітерсің», деді.
– Ата, ағамның қалада тұрғаны қандай жақсы. Қаланы көргім-ақ келеді, шынын айтсам, – деп Қамбар атасының жанынан бір елі шыққан жоқ.
– Қалада жүргенде абай бол. Менің қолымнан ұстап жүр қашан да. Әсіресе ағылып жатқан көліктен сақтанғайсың, – деп атасы алдын ала пысықтап жатты.
Мінеки, қала іші. Ауылдағыдай емес, мұнда адам да, көлік те көп екен. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес. Бір кезде жол қиылысында жанып тұрған қызыл табақша сөнді де, сары табақша жанды. Сөйтті де лезде жасыл табақша жарқ ете қалды. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.
– Ата, анау жанып тұрған не? – деп сұрады Қамбар.
–Бұл бағдаршам, – деді ағасы секілді бейтаныс жігіт атасының қолтығынан демей түсіп.
– Е, е, әліппемізде суреті бар еді.
Бейтаныс жігіт сөзге жомарт, ақ көңіл екен. Әлгінде ғана үн қатқан-ды, және сөйлей жөнелді:
– Бұл бағдаршамның айтар әңгімесі бар. Мәселен, ол «қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы», – деп үн қатады.
– Мұны ұғып ал, – деді жол шетіне дейін атасына көмектескен күйде.
Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды. Бағдаршам ешбір жаңылыспай қызыл, сары, жасыл түсті табақшаларын рет-ретімен жандырып, сөндіреді. Бірақ үн жоқ. Тек бейтаныс жігіттің сөзі құлаққа қайта естіледі. «Қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы».
Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді. (273 сөз)
 

3-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
1.Қалада кіммен  кездесті?
2.Бейтаныс   жігіт  қандай көмек көрсетті?
3.Бейтаныс жігіт қандай?
4.Ауыл мен қаланың айырмашығы бар ма?
5.Қамбар неге таң болды?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
botuguruur
24.07.2020 03:21
Бер ескі замандардың қонақжайлылық қазақ халықтың айырым сипатымен болды. Аяулы қонақты дастарқанға деген шақырды,  на төрді отырғызды және сақадай асатты, не үйде бол-.Ұлттық мәдениетте ас-шайдың рәсімінің айрықша рөл апарылады - көрінген табақ тағайынды мағынамен әпереді және жерге. Қазақтар біледі, как мен көмек конакасы (қонақ - қонақ, ас - ас-шай) помирить болады адамдар, оказать абырой абадан қонақтарға.үлкен көңіл де ыдысқа уделялось - ол әдемі және таза болу керек.
үшін барлық өзінің многовековую тарихын қазақ халық өңдеудің және, нешінші дейін сих кездердің пользуются ет және кисломолочной өнім сақта- алып тәжірибе жинақтаған, айрықша ара ауыл.
Дайындау барамын, қамда- ол кейінге әйелдің міндетінің болды. Олар табақтың көпшілігінің қамдас- рецепттерін білді, қарамастан және өзінің білімдерін тұқымнан тұқымға жұқтырды.
Сол, нәзік курт және сушеный сүзбе (ірімшік, ежігей), кәріптас май (сары мамыр), арада ауызға жібі- алуа (жент) және др да балдың қымызының, да көбікті шұбат
0,0(0 оценок)
Ответ:
Кариночка78
19.08.2020 23:08
Жеткен жетістіктерімді айтып мақатанатын ойым жоқ әрине, дегенмен армандау арқылы жеткен жетістіктерімді айтқым келеді. Бала кезімде менің арманым секунд сайын өзгеретін. Бірде Қазақ аруы болудан президент болуға дейін армандайтынмын. Уақыт өте келе нақты бір маман иесі болғың келетінін түсінесің. Мен ес біле келе журналист болуды армандай бастадым. Оған жету жолында жиі армандайтынмын, менде басқа танымал аға әпкелеріміз секілді теледидардың ар жағында сөйлегім келетін. Міне аз қалды қазіргі таңда сол мамандыққа түсу үшін ҰБТ ға дайындық жүріп жатыр. Бала кезімдегі бір оқиға менің журналистикаға деген махаббатымды аша түсті десем қателеспеймін.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота