Қазіргі сән туралы менің ойым.
"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.
Астана күні қалай тойланады?
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
Астана күні елімізде мемлекеттік мереке саналды, әр жылдың 6 шілдесінде қала күні аталып өтіледі. Жыл сайын бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды іс – шаралар, мерекелік концерттер, көрмелер, халықтық серуендер, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар, түрлі фестивальдер ұйымдастырылады. Елордаға алыс – жақын шетелдер мен еліміздің бардық аймақтарынан қонақтар мен әртістер келіп, мерекелік концертке қатысады. Қала күні қарсаңында басталған мерекелік іс – шаралар айдың соңына дейін жалғасын табады. Бұл күні жас жұбайлар отау тігуді де дәстүрге айналдырған. Мерекенің соңы үлкен отшашумен аяқталады.