
Қараторғай - өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз - қара- торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған.
Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады. Суық түсе бастаған кезде-ак оңтүстік аймаққа ұшып кетеді де, көктемде туған еліне бірінші болып қайтып оралады. Алғашкы келген кезде көпшілік уақыттарын далада, өзен аңғарларында, бау-бақшаларда жүріп, күні бойы өздеріне қорек іздейді.
Сәуірдің басында ұя салатын жерді ыңғайластырады. Бау-бақша ішіндегі ескі ағаштардың қуысын, өздеріне арнайы жасалынған ұяларды меншіктейді. Көп кешікпей акшыл көк 5-6 жұмыртқа туып, басып шығарады. Балапандары өте қомағай келеді. Ата-енесі оларға таңертеңнен қараңғы түскенге дейін дамылсыз тамақ тасиды. Бір аналық торғай күніне 200 реттен артық қорек іздеуге ұшып шығады. Ол балапандарын қоңыз немесе оның дернәсілдері, жалаңаш шырыш, т.б. жәндіктермен қоректендіреді. Сонда караторғайдың бір ғана жанұясы күніне 2 мыңнан артық әр түрлі зиянкестерді кұртады екен.
Перевод/аудармасы:
Отан дегеніміз – әр адамның туған жері. Менің Отаным – Қазақстан. Мен шағын Ақсу қаласында дүниеге келдім. Мен туған өлке тарихындағы маңызды сәттерді айтып өткім келеді.Қала 1899 жылы құрылған.Алдымен Глинка, содан кейін Ермак деп аталды.Қала халқының саны 70 мың адамды құрайды.
Біздің аймақтың табиғаты бай әрі әсем.Таңертең таза ауа салқын самал желмен таралады.Ашық ауада демалу жағалауда және саябақта өтеді.Сондай-ақ,біздің көптеген мәдени орталықтарымыз бар:балалар шығармашылығы үйі, мәдениет үйі, бассейн,хоккей корты.Қала көшелері кешкі шамдарға толы.
Мұндай шағын қалада өнеркәсіп те өте жақсы дамыған.Бұл, мысалы, АФЗ (Ақсу ферроқорытпа зауыты),жылыжай кешені және электр станциясы.