Алғашқы қар.
Сиқыршы қыс та келіп жетті. Күн аяздатып, көптен күткен алғашқы қар да жауды. Қар аппақ әрі мамық. Қолыңа тисе еріп кете барады. Қар түйіршектері алыстан қарасаң жай кішкентай ғана дөңгелектер секілді. Ал жақыннан қарасаң небір пішіндері бар екенін аңғарасың.
Қар толастамай жауған соң, ол күн көзіне шағылысып көзді ауыртады. Ал жүрсең аяқ астынан "қырт-қырт" еткен дыбыстар шығады. Айналаны бейне бір қардан жасалған көрпе көмкерген секілді.
Жіктелуі жалғауы жалғанған сөздер: кете барады, қарасаң, аңғарасың, ауыртады, шығады.
Әр жаз әр бала үшін тосын сыйын дайындап тұрғандай сезіледі. Бір жасқа есейіп, бір сыныпты артқа тастап, үлкен өмірді тани түсуге ұмтылатынымыз рас. Әр жылда ата-анамызбен жоспар құрып, соның орындалуын, жүзеге асырылуын қалаймыз.
Мысалы біріміз жазды ауылда өткізсек, біріміз заманның ағымы мен талабына сай шетелде өткіземіз. Бірақ сол екеуінің де пайдасы зор. Жаңа аймақ, жаңа адамдар, өмірді өзге қырынан тани түсуге зор үлес қосары анық.
Жазғы демалыс өте қызықты болды. Біз отбасымызбен өзен басына бардық. Інім екеуміз өзенге түстік. Су мөлдір, әрі жылы екен, мөлдір судан жүзіп жүрген балықтарды көрдік. Мен өзен жағасында серуендеп жүргенде әр түрлі құстарды кездестірдім.
Құстардың дауыстары ерекше естілді. Құстар әдемі дауыстарымен әуендерін кезек-кезек айта басталды. Құстардың әуенін естіп тамсанып жүргенде күн ысып кетті. Күн ыстық болғасын біз отбасымызбен үйге қайттық. Осылайша менің жазғы демалысым жалғаса берді. Маған жазғы демалысып өте жақсы өтті.