
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындау. Мәтінге ат қою.
Тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша пікірлесетін сұрақтар құрандар.
2. Мәтіннен табиғатқа қатысты сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
4-тапсырма. Берілген сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына қарай талдау.
Үлгі: ұқыптылықпен – ұқып – түбір, -ты – сөз тудырушы жұрнақ, -лық – зат есім тудыратын жұрнақ, -пен – көмектес септігінің жалғауы.
Жанашырлықпен, тіршілік, денсаулық, сұлулық.
VI. Сабақты қорытындылау.
2-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, пікірлесу
1. Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием. (Дж.Байрон)
2. Табиғат қарапайым да біртұтас бірегейлігімен-ақ ғаламат көрікті. (Р.Фейнмен)
3. Табиғи дүниенің бәрі сұлу. (Н.Г.Чернышевский)
VII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.
Көне ескерткіштер - дала көркі.
Ескерткіштер - қай халықтың болмасын өшпес қазынасы.Ата-бабамыз кең даламыздағы көне ескерткіштерді көздерінің қарашығындай сақтасын деп мұра ретінде бізге,жас ұрпаққа,аманат етті. Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал соның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді.Біз үшін бұл үлкен мақтаныш.
Ескерткіштер түрліше болады. Ескерткіштерді негізгі төрт түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер,тарихи ескерткіштер,сәулет өнері ескерткіштері, монументтік ескерткіштер.Сондай-ақ,ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.Сонау дәуірдегі Орхон ескертіштерінен бастап,Арыстан Баб,Қожа Ахмет Ясауи,Айша Бибі,Алаша хан,Қарахан,Жошы хан кесенелері мен күмбездері,обалар,малта тастар мен археологиялық қазбалар - бәрі-бәрі осынау қазақ даласының әшекейлері.
Шоқан Уәлиханов бір сөзінде: «Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ» деген екен.Шынымен де,олар сол заманнан мол мәлімет беріп қана қоймай,біз ғана емес шет елдік туристер де ағылып келетін көненің көздері ғой.Осындай ескерткіштерімізді сақтау - біздің борышымыз деп білемін.