-Сәлеметсіз бе
-Сәлеметсіз бе
-Сіз сұхбат алу орнындасын
-иә
-достық туралы жалпы кандай пікірдесіз және өзіңіз достыққа сенесіз бе?
-Әрине мен достыққа сенемін және досың көп болса ол керемет қой.Жаныңда досың сені әрдайым қолдап,қуаныш пен мұнды бөлісіп отырса бұдан асқан бақыт жоқ шығар
-Сізде қанша дос бар?
-Менде дос көп деп айта алмаймын бірақ барлығы тек шынайы достар. Белгілі бір себеппен сені қолданып дос болып жүрген досын көп болғанша досын аз болып бірақ бәрі адал және сені әрдайым қолдайтын досын болғанын өз басым жөн көремін.
2) Кез-келген адам уақыт өте келе босқа өткізген уақыты үшін өз ұжданы алдында ұялары сөзсіз. Баға жетпес қымбат уақытымызды немқұрайлылықпен жасайтын түкке тұрғысыз дүниелер үшін жұмсап жатқанымызды жақсы түсінеміз.Әрбір шыққан деміміз арқылы өміріміз қысқара түсуде. Бос өткізіп алған уақытымызды, қайтара алмаймыз. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.