Алтын күз.
Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.
жазғы демалыс
Зымыраған уақыт. Көз ілестірмей күндер жылжып өтіп жатыр. Оқу жылы басқалардан ұзақтау болса да, күні кеше ғана басталған оқу мерзімінің келесі жартысы да аяқталды. Жазғы емтихандар бітіп, бір жарым айлық демалыс уақыты да жетіп келді.
Емтихандар аса қиын болмаған сияқты. Алайда, грамматика, мәтінді еркін оқу, тыңдап, түсінік айту және дұрыс жазудан бұрын тілді қоғамда еркін пайдалана алу, басқаға айтар ойыңды нақты жеткізе білу – емтихан сынағынан күрделірек деп ойлаймын.
Біздің топтағы жиырмадан аса адам тұтастай емтиханға қатыспады. Өйткені біразы ақылы бөлімде оқитын болғандықтан көбісі үшін маңызды емес болды. Ал келесі оқу жылында мамандық жалғастырушылар үшін бұл міндетті емтихандардың бірі.
Оқу аяқталысымен біразы елдеріне қайтады және басқа университеттерге кететіндері де бар. Сол үшін қыздар дастархан жайып, кейбір мұғалімдермен бірге кішігірім қоштасу кешін өткіздік. Әсіресе қыздар жағы қимастықтарын айтып, көздеріне жас алды. Бұдан кейін де ғаламтор арқылы хабарласып, бәлкім кездесерміз деген сенім болғанымен де, бір жыл бірге жүргіп бауыр басып қалған қимастық сезімдеріміз қылпылдап-ақ қалды. Әрі дәл бұлай енді қайта бас қо анық…
Расында әрқайсысының өзіндік мінез-құлқы мен бірге ұлттық ерекшелігі де басқаларымыз үшін ыстық. Әсіресе жапон елінің азаматтары менің көңілімнен айтарлықтай орын алды. Мәдениеті таңғаларлық. Сабақ арасында бір тақырып әңгіме бола қалса «сендерде қалай?» деп кезек-кезек бір-бірімізді тыңдайтынбыз. Демократияның отаны АҚШ-та дейтіндердің сөзін сол елдің азаматтары жоққа шығарады әйтеуір. Нағыз әділдіктің туы желбірейтін шақ туғанда ақшаның мысы басып кететінін жиі тілге тиек етеді.
Оқу жылы қызықты өтті. Мұғалімдердің айтысынша, көптен бері мұндай ұйымщыл топ болмаған сияқты. Менің де көңілім тоқ. Қайтар сәт туғанда мұғалімдердің өзіндік сабақ өткізу тәсіл-қимылдарын олардың өздеріне көрсетіп бердік. Бәрі риза…