4-тапсырма.37 бет. Берілген сөздермен сөйлемдер құрап жазыңдар. Составьте предложения с данными словами. Дүниеге келген-родился Еңбек жолы-трудовой путь Жеңімпаз-победитель Жинақ-сборник Әндер-песни Жыр-жинақ-сборник стихов Әдеби-литературный
Емтиxан-болашаққа басар алғашқы қадамдардың бірі. Емтиxаннан өту үшін талмастан еңбек етіп, барлық тапсырма, ережелерді оқып дайындалу қажет. Мен үшін емтиxан өте маңызды, себебі маған мақсатыма қол жеткізуге, үлкен оқу орнына түсуге, белгілі мамандық иесі болуға көмектеседі. Менің емтиxанға деген көзқарасым күрделі болғандықтан, дайындығым да күрделі. Барлық пәнге жеке-жеке дайындалып, қайта-қайта қайталаймын. Айна алдында отырып өзіме сұрақтар қоямын немесе досыма маған сұрақ қойғызамын, осылайша өз дайындығымды тексеремін. Осындай дайындықтардың арқасында, әлі талай белестерді бағындыратыныма сенемін!