
Ребустың шешуі: ЕСІМДІК.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1. жіктеу есімдіктері - мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
2. сілтеу есімдіктері - бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне.
3. сұрау есімдіктері - кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
4. өздік есімдігі - өз.
5. белгісіздік есімдіктері - біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрине, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан.
6. болымсыздық есімдіктері - еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.
7. жалпылау есімдіктері - бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел.
тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Менің атам – ағаш шебері. Атамның шеберханасы бар. Шеберхан
ағаштан бұйымдар жасайды. Атамның жанында көмекшісі бар. Ол кiсine
былтыр ағаштан қамшы, домбыра, қобыз жасады. Оларды оюмен өрной
теді. Домбыраның бетіне «қошқармүйіз» өрнегін салды. Қобыздың бетіне
«мүйіз» өрнегін салды. Ал қамшының сабына «Сынықмүйіз» өрнегін салды
Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ ханды-
ғының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті. Атам
көрмеге ағаштан жасаған бұйымдарын қойды. Көрмеге келушілер қолөнер
бұйымдарын ұнатып, қызықты.
перевести на русский нужна