
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.
Осы мезгілде бізде «күзгі бал» атты байқау болды. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Басқа сыныптың оқушылары да неше түрлі жемістерден керемет нәрселер жасады. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.
Объяснение:
осылай.Көмектестім деп ойлаймын
ответ Қазақ елінің тарихында, аса бір елеулі оқиғалар кезеңінде, халықтың тағдырына қайраткерлік қызметімен үлес қосқан тұлғалар тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік өнеге болып сақталады. Қазақ қай заманда да төл тарихын, ата-тегін ауызша шежіре арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Қазақ халқының бір ерекшелігі, халық өміріндегі әрбір елеулі оқиға мен құбылысын ой безбеніне салып, оны саралап, түйінін түйіп отыратын билердің жасаған іс-әрекеттері мен айтқан биліктері, кесімді сөздері ел жадында ұзақ сақталады.
Енді халық аузында, бұрынғы өткен ақын-шайырлар, жырауларымыз бен сөз шебері сұңғыла қарттарымыздың жыр-дастандарында есімі жиі аталатын Сәдір, Бекіш, Жабағы, Әзілкеш бабаларымыз, сол заманның батыр-билері туралы бір-екі ауыз әңгіме. Қарақожа ұранды Қаратамырдың Төребай биінің жалғыз ұлы Ысқақ қаза болып, Төребай би басын көтермей жатып қалған. Елдегі білікті кісілер келіп басу айтқанымен, басын көтермей теріс қарап жата берген екен.
Я в 9 классе