
Объяснение:
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/
© e-history.kz
1) Абай Құнанбаев әр бір өлеңінде халқына ақыл айтып кеткен ғой. Бұл өлеңнің де астары сол жайлы. Оны 《 жаздым үлгі жастарға бермек үшін 》 деген жолдан байқасақ болады.
2)Халқына, енді өсіп келе жатқан жастарға ақыл айту, өз білгенін түрте кету мақсатында деп ойлаймын.
3)Білгеннің айтқанын тыңдау, жақсы істермен айналысу, уақытты босқа өткізбеу, білімге көңіл бөлу сынды қасиеттер.
4)Бұл жерде автор жастарды сипаттап тұр. Яғни көңілінің көзі ашық, тілі орамды деген сөздер арқылы: ақылы бар жастар айтқан ақылымды түсінер деген мағынада айтылған