ssssss22
08.03.2020 07:22

АЙТЫЛЫМ 1-тапсырма. С урактарга жауап бер •Еркын деген не?•Еркын омыр суру деген калай тусынесын​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
666Лиза66611
30.10.2022 11:00
Концерт (нем. konzert, итал. concerto, сөзбе-сөз келісу, лат. concerto – бәсекеге түсемін) – 1) алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық, әдеби-хореографиялық және сахналықшығармаларды көпшілік алдында орындау; 2) жеке музыкалық аспап (кейде 2 – 3 жетекші музыкалық аспап) пеноркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма. Жеке орындаушы мен оркестрдің өзара жарысын көрсете отырып, оларды салыстыру Концерттің негізгі мақсаты болып табылады. Концерт 3 бөлімнен (1-бөлімі өте жылдам; 2-бөлімі лирикалық, байсалды; 3-бөлімі рондо формасында) тұрады. Әдетте, Концерттің 1-бөлімі аяқталар алдында (жетекші аспаптың оркестр сүйемелінсіз) импровизациялықсипатта асқан шеберлікпен солоорындалады. Концерттің 2, 4 кейде 5 бөлімді түрлері де кездеседі. Жеке аспап пен оркестрге арналған 3 бөлімді циклдік Концертті алғаш жазған итальянкомпозиторы А.Вивальди (1678 ж. ш. – 1741) болса, одан кейін И.С. Бах скрипка,клавир үшін Концерттер жазды. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
ИльяФеоктистов
29.02.2020 10:23
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота